Құрметті мұғалімдер, қызметкерлер және педагогикалық еңбек ардагерлері!
Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күні өз өмірін өскелең ұрпақ тәрбиесіне арнаған барлық жандарға терең құрмет пен шынайы ризашылығымды білдіремін.
Мұғалім — қоғамның рухани тірегі, ең жауапты әрі қадірлі мамандық иесі.
Сіздерге жаңа педагогикалық жетістіктер, шығармашылық шабыт, жарқын табыстар мен ризашылыққа толы шәкірттер тілеймін!
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және өмірлеріңізге мол бақыт пен береке тілеймін!