Құрметті аға буын өкілдері!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – Сіздерге деген терең құрметімізді білдіретін, өмірлік тәжірибелеріңіз бен еңбектеріңізге бас иетін ерекше мереке. Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасында бүгінгі бейбіт өміріміз, өсіп-өркендеген еліміз бар.
Сіздер – еліміздің өткені мен бүгіні арасындағы алтын көпірсіздер. Салиқалы ақыл-кеңестеріңіз, өмірлік ұстанымдарыңыз – жас ұрпақ үшін үлкен мектеп. Сіздерге деген құрмет – біздің перзенттік парызымыз.
Дендеріңізге саулық, отбасыңызға амандық, көңілдеріңізге шаттық тілеймін. Жанашырлық пен қамқорлық, ыстық ықылас әрдайым жан серіктеріңіз болсын!