Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Сенаторы Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов Сандықтау ауданында жұмыс сапарымен болды.
Сапар аясында сенатор Балкашино ауылындағы жыл бойғы «Жас Дәурен» балалар лагерінде, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында болып, Жабай өзеніндегі жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстары жобасы бойынша учаскені аралап көрді, сондай-ақ Каменка ауылындағы «Шенсов көпірі» СЖҚ объектісінің жай-күйімен, Каменка ауылындағы № 2 отбасылық дәрігерлік амбулаториясы мен Агротехникалық колледжімен танысты.
Сапар барысында өңірді әлеуметтік дамытудың, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың, білім беру, денсаулық сақтау және жастар саясаты салаларында көрсетілетін қызметтердің инфрақұрылымы мен сапасын жақсартудың өзекті мәселелері талқыланды. Проблемаларды шешу үшін биліктің барлық деңгейлерінің өзара тиімді іс-қимылының маңыздылығы, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайындығы атап өтілді.