2025 жылғы 2 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Григорьевна Дементьеваның Сандықтау ауданына сапары өтті.
Сапар барысында депутат Сандықтау ауданының әкімі С.К. Құдабаймен, Сандықтау аудандық мәслихатының төрайымы Г.С. Мұстафинамен және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрайымы М.А. Аркеновамен бірге маңызды әлеуметтік нысандар: Петровка ауылындағы мектеп, «Жабай» өзенінің арнасы және «Жас дәурен» балалар лагерін аралады: «AMANAT» партиясының жол картасында көрсетілген мәселелерді, соның ішінде білім беру процесін жаңғырту, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерін талқылады.
Өзен арнасын тазарту және жағалауды нығайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқан «Жабай» өзенінің арнасын қарау кезінде қоршаған ортаны қорғау және жағалауды нығайту тақырыптары талқыланды. Балалар қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетін «Жас дәурен» лагерінде болды.