Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен.

Самар ауданының мәслихатының төрағасы Гүлнар Шаймарданова, Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов еңбек және тыл ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Аудан басшысы оларға ел Президенті атынан “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” мерейтойлық медальдарын табыс етті. Сондай-ақ іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, ШҚО “Amanat” партиясының Самар аудандық филиалының Айнур Отаршина, ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұртас Исенов, ардагерлер кеңесінің мүшесі Баянды Қожамбетов, Александр Федосов, аналар кеңесінің төрағасы Клара Нұрпейісова қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Аудандық ішкі саясат, тілдерді дамыту бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шара қонақтарына арнап мерекелік дастархан жайды.