Құрметті жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – татулық пен келісімді, бірлік пен достықты дәріптейтін, еліміздегі көпұлтты қоғамның береке-бірлігінің айқын белгісі. Қазақстанда тұратын барлық этностардың ортақ мақсат пен болашақ үшін бірігіп өмір сүруі – мемлекеттігіміздің негізін нығайтып, қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың кепілі болып табылады.
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын! Ортақ шаңырағымыз – Қазақстанда тыныштық пен тұрақтылық мәңгілікке ұлассын!
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен береке тілейміз!
Самар ауданы мәслихаты