Самар ауданы мәслихатының кезектен тыс 21-шы сессиясы 2025 жылғы 30 сәуірде бекітілген күн тәртібіне сәйкес өткізілді. Сессия жұмысына депутаттар, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияда келесі мәселе қаралды:
1.Самар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-2/VIII «2025-2027 жылдарға арналған Самар ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
1) «Самар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;
2) «Самар ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы»;
3) «Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Самар ауданы маслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 7-5/VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) «Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Самар ауданы мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 6-6/VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия барысында көтерілген мәселелерді депутаттар бірауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.
Сессияның өту барысын төмендегі сілтеме бойынша Facebook сайтынан көрулеріңізге болады