Мәслихат тарихы

Мәслихат тарихы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен өкілді және атқарушы билік органдарының өкілеттіктері бөлінді.   1994 жылдан бастап мәслихаттар өз жұмысын бастады. Дәл сол кезден бастап Егемен Қазақстанның өкілді билік органдарының қызметі есептеліп келеді.

1994 жылғы 7 наурызда елдің жаңа өкілді органдарына - бірінші шақырылған мәслихаттар-депутаттар жиналыстарына депутаттар сайлауы болып өтті (1994-1999 жылдар).

Шығыс Қазақстан облысы Самар аудандық  мәслихаты – депутаттар жиналысына 10 депутат сайланды. Самар аудандық  мәслихаты-депутаттар жиналысының бірінші сессиясында хатшы болып Л.П. Бочкарева бірауыздан сайланды. Л.П.Бочкарева көп жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысының Самар аудандық коммунистік партия комитетінде еңбек етті. Сайланғанға дейін Самар ауданының аудандық халықтық білім беру бөлімінде жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы           № 3483 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Жарлығына сәйкес 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысының шекаралары өзгертіліп, аумағына таратылатын Семей облысы қосылды. Осыған сәйкес Самар мен Көкпекті аудандары біріктіріліп орталығы Көкпекті аулы болып, Көкпекті ауданы құрылды. Көкпекті ауданының кезектен тыс сессиясында  аудандық мәслихат хатшысы болып Л.П.Бочкарева сайланды. Л.П.Бочкарева Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы болып төрт шақырылымда, 2011 жылғы дейін жұмыс істеді, Қазақстан Республикасының өкілді органдарының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының              2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 «Сайланатын депутаттардың санын айқындау туралы» қаулысына сәйкес Самар ауданы мәслихатындағы депутаттар саны 10-ды құрайды.

1999 жылғы 18 қарашада екінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаттар корпусы 13 депутатпен, 2003 жылғы 24 қазанда – үшінші шақырылымы 13 депутатпен, 2007 жылғы 23 тамызда – төртінші шақырылымы 14 депутатпен, 2012 жылғы 20 қаңтарда – бесінші шақырылымы                        16 депутатпен,  2016 жылғы 24 наурызда – алтыншы шақырылымы                   13 депутатпен, 2021 жылғы 14 қаңтарда – жетінші шақырылымның депутаттар корпусы 11 депутатпен өз жұмысын бастаған.

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы            3 мамырдағы № 887 Жарлығымен бұрынғы Шығыс Қазақстан облысының аумағында Абай облысы құрылды. Осыған байланысты, Көкпекті ауданынан Самар ауданы бөлініп шығып, Самар ауданы мәслихаты 5 депутатпен қайта ұйымдастырылды. Мәслихат хатшысы болып Г.К. Шаймарданова сайланды.

2023 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің             № 105 Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды. Осылайша Егемен Қазақстан тарихындағы ең қысқа жетінші шақырылым аяқталды.

2023 жылғы 19 наурыздағы сайлау барысында 10 депутаттан тұратын сегізінші шақырылған Самар ауданы мәслихатының депутаттық корпусы құрылды. Мәслихат төрағасы болып  Г.К. Шаймарданова сайланды.

Сайлауда дауыс беру қорытындысы бойынша аудандық мәслихат депутаттарының "АМАNAT" партиясы – 9, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1 мандатқа ие болды.

Жалпы депутаттық корпус 70% - ға жаңартылды. 10 депутаттың 3 - і немесе 30%– ы  әйелдер. Жоғары білімді депутаттар -6. Депутаттар арасында     3 - педагог, 2 – заңгер,  3 - агроном, 2-механик  мамандары бар. Ұлттық құрамы бойынша: 8-қазақ, 2 – орыс.