Самар ауданы мәслихатының VIII шақырылымының кезекті X сессиясы

Самар ауданы мәслихатының VIII шақырылымының кезекті X сессиясы

2 сәуір 2024 жылы Самар ауданы мәслихатының VIII шақырылымының кезекті X сессиясы өтті, сессияға  аудан әкімінің орынбасары Ж.Т.Майкенев,  аудан әкімінің орынбасарлары, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Е.Р.Адилов зум арқылы, бөлім басшылары, ауылдық округ  әкімдері, «AMANAT»  партиясының Самар аудандық филиалының төрағасы,  Самар ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы,  Самар ауданы полиция бөлімінің басшысы және басқа да шақырылғандар қатысты.

  Сессияда келесі сұрақтар қаралды:

  1. Самар ауданының 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы.
  2. Жергілікті атқарушы органның «Самар ауданының 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының есебін (ауданның жергілікті атқарушы органының есебіне қорытындысын) бекіту туралы;
  3. Самар ауданы ауылдық округтерінің 2023 жылғы бюджетінің орындалуы бойынша есепті бекіту туралы:

1)  Аққала  ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы ауылдық округ бюджетінің орындалуы туралы баяндамасы;

2) Бастаушы ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы ауылдық округ бюджетінің орындалуы туралы баяндамасы;

3) Құлынжон  ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы ауылдық округ бюджетінің орындалуы туралы баяндамасы;

4)  Мариногорка  ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы ауылдық округ бюджетінің орындалуы туралы баяндамасы;

5)  Миролюбовка  ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы ауылдық округ бюджетінің орындалуы туралы баяндамасы;

6)  Палатцы  ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы ауылдық округ бюджетінің орындалуы туралы баяндамасы;

7)  Самар  ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы ауылдық округ бюджетінің орындалуы туралы баяндамасы;

8)  Сарыбел ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы ауылдық округ бюджетінің орындалуы туралы баяндамасы.

  1. «Самар ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.

                                                                            

  1. Әртүрлі мәселелер:
  • Самар ауданы бойынша қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы;
  • 2023-2024 жылдарға арналған Құлынжон ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;
  • Самар ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;
  • «2024 - 2026 жылдарға арналған Самар ауданының аудандық бюджеті туралы» Самар ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы                № 9-3/VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  • Самар ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/VIII" «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  • Самар ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 9-2 " Самар ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  • Самар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы.
  • Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын жаңа редакцияда бекіту туралы.

           Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша  тиісті шешімдер қабылданды.

Сессияның   өту барысын  төмендегі сілтеме бойынша Facebook сайтынан  көрулеріңізге болады.

https://www.facebook.com/stories/110597655404115/UzpfSVNDOjk1MzI0NjMyNjUyMzc5OQ==/?view_single=1&source=shared_permalink&mibextid=W9rl1R