
16 желтоқсан күні біз еліміздің маңызды мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күнін атап өтеміз. Өткен жылдар ішінде Қазақстан өз дамуында үлкен жетістіктерге қол жеткізді десек те, алдағы уақытта біз одан да үлкен белестерді бағындырып, жетістіктерімізді еселеуіміз қажет. Отансүйгіштік, келісім, өзара түсіністік әр қазақстандық үшін Тәуелсіздіктің баға жетпес құндылықтары болды және солай қала беруі керек. Елімізде жасампаз еңбек, бейбітшілік пен достық болғанда ғана біз жетістіктерге қол жеткізіп, қазіргі заманның қиындықтарына қарсы тұрып, гүлденген мықты мемлекет құру ісін жалғастыра аламыз.
Мемлекеттік мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, бейбітшілік пен келісім, жетістіктер мен бақытты өмір тілейміз!
Еліміз еңселі, болашағымыз жарқын болсын!