Сайлау 2022

Сайлау 2022

Құрметті жерлестер! 20 қарашада Қазақстанда барша қазақстандықтар үшін маңызды саяси оқиға – кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтті. Ауданымызда барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылардың жоғары белсенділігі байқалды. Еліміздің болашағына тұрғындардың бейжай қарамайтыны қуантады. Сайлау процесінде ешқандай бұзушылықтар болған жоқ. Дауыс беру барысын президенттікке кандидаттардың сенімді өкілдері, тәуелсіз және халықаралық ұйымдар бақылады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына белсенді азаматтық танытып, келген барлық жерлестерге алғыс айтамын.