
Самар ауданы мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясы өтті
2026 жылғы 18 тамызда Самар ауданы мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс 34-сессиясы өтті.
Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, Самар ауданының әкімі С. Жеңісов, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары және шақырылған тұлғалар қатысты.
Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды. Негізгі назар Самар ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 26-2/VIII «2026–2028 жылдарға арналған Самар ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне, сондай-ақ 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 27-2/VIII «2026–2028 жылдарға арналған Самар ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелеріне аударылды.
«Әр түрлі мәселелер» бөлімінде «Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту, сондай-ақ Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының тұрақты комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.
Мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша депутаттар қаралған ұсыныстарды бірауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.
Самар ауданы мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясының өту барысын төмендегі сілтеме арқылы мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан көре аласыздар.