
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймыз!
Мемлекеттік қызмет атқару - қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі. Мемлекеттік қызмет - бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастыратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Азаматтарымыздың өмір сүру сапасы, Қазақстанның дамуы мен көркеюі және оның жаhандық әлемдегі орны сіздердің тиімді және кәсіби жұмыстарыңызға байланысты.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, өзара келісім, ел игілігі жолындағы адал еңбегіңізге сәттілік, қызметтеріңізге табыс тілейміз!
Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!