Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті 32-сессиясы 2026 жылғы 19 маусымда өтті.

Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті 32-сессиясы 2026 жылғы 19 маусымда өтті.

Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті 32-сессиясы 2026 жылғы 19 маусымда өтті.

Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, Самар ауданының әкімі С.Жеңісов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары және шақырылған тұлғалар қатысты. Отырыс барысында күн тәртібіндегі келесі мәселелер қаралды:

  1. 2026 жылға арналған Самар ауылдық округі аумағындағы абаттандыру, көгалдандыру және автомобиль жолдарын жөндеу іс-шараларының жүзеге асырылу барысы туралы. - Самар ауылдық округінің әкімі М.Е. Дюсупов.
  2. Аудандық маңызы бар жолдардың жағдайы және оларды уақтылы жөндеу мен күтіп ұстау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы. - Самар ауданының сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т.Ш. Екибасов.
  3. Миролюбовка ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.  - Миролюбовка ауылдық округінің әкімі К. Ж. Меткенов.
  4. Әртүрлі мәселелер.

1) «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2024 жылғы  2 мамырдағы № 11-2/VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

2) Самар ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/VIII «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессия барысында көтерілген мәселелерді депутаттар бірауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.

Сессияның   өту барысын  төмендегі сілтеме бойынша Facebook сайтынан  көрулеріңізге болады  https://www.facebook.com/share/v/14jrMbSgSey/