Самар ауданының депутаттары мен тұрғындардың назарына!

Самар ауданының депутаттары мен тұрғындардың назарына!

Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті отыз екінші сессиясы 2026 жылғы 19 маусымда сағат 11:00-де, Самар ауданы әкімдігі ғимаратында (Самар ауылы, Горохов көшесі, № 58) өтеді.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10:30-дан басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. 2026 жылға арналған Самар ауылдық округі аумағындағы абаттандыру, көгалдандыру және автомобиль жолдарын жөндеу іс-шараларының жүзеге асырылу барысы туралы. - Самар ауылдық округінің әкімі М.Е. Дюсупов.
  2. Аудандық маңызы бар жолдардың жағдайы және оларды уақтылы жөндеу мен күтіп ұстау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы. - Самар ауданының сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т.Ш. Екибасов.
  3. Миролюбовка ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.  - Миролюбовка ауылдық округінің әкімі К. Ж. Меткенов.
  4. Әртүрлі мәселелер.

Тұрақты комиссиялардың отырысы 2026 жылғы 19 маусымда сағат 9:00-де Самар ауданы әкімдігі ғимаратында (Самар ауылы, Горохов көшесі, № 58) өтеді