Тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Самар ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

2026 жылғы 3 маусымда Самар ауданы мәслихатының аппаратында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыс жұмысына мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері және жауапты мамандар қатысты.

Отырыс барысында тұрақты комиссиялардың күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша Самар ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Байжүменов пен Самар ауданының «Самар» ШЖҚ КМК басшысы М.Е. Утегенов Самар, Көкжыра, Құлынжон және Аққала ауылдарының тұрғындарын жаңа су құбыры желілеріне қосу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары туралы баяндама жасады. Жұмыстарды жүргізу мерзімдері, ұйымдастыру шаралары және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Екінші мәселе бойынша Самар ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.К. Алкенов аудан аумағында «Жер-Аманаты» жобасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берді. Талқылау барысында атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен жер ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы алдағы жоспарлар қарастырылды.

Сонымен қатар Қ.К. Алкенов Самар ауданындағы ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін, шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау шаралары, сондай-ақ аграрлық секторды субсидиялау және мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша баяндама жасады.

Төртінші мәселе бойынша Самар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.М. Оразаева халыққа әлеуметтік көмек көрсету, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдау бағытында 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Қаралған мәселелер бойынша депутаттар пікір алмасып, жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар ұсынымдар мен ұсыныстар берді. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар мен ұсыныстар қабылданды.