25 мамыр – Соңғы қоңырау

25 мамыр – Соңғы қоңырау

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және түлектер!

Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Тағы бір маңызды оқу жылы табысты қорытындыланып, білім мен тәрбиенің, ізденіс пен еңбектің нәтижесі айқындалған ерекше кезең артта қалды. Осы жолда аянбай еңбек еткен ұстаздарға алғысымызды білдіреміз. Білім жолында қолдау көрсеткен ата-аналарға ризашылығымыз шексіз.

Оқушыларға жазғы демалысты көңілді әрі пайдалы өткізулеріңізге тілектеспіз. Ал мектеп бітіруші түлектерге жарқын болашақ, сәтті қадам, үлкен жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Армандарыңыз орындалып, ел мақтанышына айналатын азамат болуларыңызға тілектеспіз.

Баршаңызға зор денсаулық, амандық, мол табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!