Ұлы Отан соғысы батырларына мәңгілік даңқ

Ұлы Отан соғысы батырларына мәңгілік даңқ

Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Самар ауданының Подгорное ауылында Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Салтанатты шараға аудандық мәслихат төрағасы Г. Шаймарданова қатысып, батырлардың ерлігіне тағзым етті.

Ауыл тумалары — Николай Яковлевич Фонов, Сергей Егорович Седнев және Иван Михайлович Яроцкий — Отан үшін от кешіп, ерліктің үлгісін көрсетті. Олардың есімі халық жадында мәңгі сақталады.

Шара барысында қатысушылар қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, бейбіт өмір үшін алғыстарын білдірді.