Самар ауданы мәслихатының кезекті 30-сессиясы

Самар ауданы мәслихатының кезекті 30-сессиясы

Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті 30-сессиясы 2026 жылғы 31 наурызда өтті.

Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, Самар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Байжұминов М.Н., ауылдық округтердің әкімдері және шақырылған тұлғалар қатысты.

Zoom платформасы арқылы отырысқа Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Шаухина Ботагөз Ниғметқызы қатысты.

Отырыс барысында күн тәртібіндегі келесі мәселелер қаралды:

  1. Самар ауданының 2025 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту туралы:

1) Самар ауданының 2025 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы аудан әкімінің баяндамасы;

2) ШҚО Тексеру комиссиясы төрағасының немесе төраға уәкілеттік берген мүшесінің Самар ауданының 2025 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасы;

  1. Самар ауданы ауылдық округтерінің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту туралы:
  • 2025 жылғы Самар ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы округ әкімінің есебі;
  • 2025 жылғы Палатцы ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы округ әкімінің есебі;
  • 2025 жылғы Сарыбел ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы округ әкімінің есебі;
  • 2025 жылғы Құлынжон ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы округ әкімінің есебі;
  • 2025 жылғы Бастаушы ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы округ әкімінің есебі;
  • 2025 жылғы Мариногорка ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы округ әкімінің есебі;
  • 2025 жылғы Аққала ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы округ әкімінің есебі;
  • 2025 жылғы Миролюбовка ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы округ әкімінің есебі.
  1. Ауданда 2025 жылы өткізілген спорттық және мәдени іс-шаралар, олар бойынша шығыстар және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы.
  2. Әр түрлі мәселелер:
  3. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  4. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын жаңа редакцияда бекіту туралы.

Сессия барысында көтерілген мәселелерді депутаттар бірауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.

Сессияның   өту барысын  төмендегі сілтеме бойынша Facebook сайтынан  көрулеріңізге болады https://www.facebook.com/share/v/18BHsATqMQ/