Тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

2026 жылғы 26 наурызда Самар ауданы мәслихатының 2026 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі жұмысы, Самар ауданының білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, сондай-ақ 2025 жылы өткізілген мәдени және спорттық іс-шаралардың қорытындылары мен 2026 жылға арналған жоспарлар қаралды. Тиісті бөлімдер мен мекемелер басшыларының есептері тыңдалып, ұсынымдар мен ұсыныстар енгізілді. Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.