Самар ауданының депутаттары мен тұрғындардың назарына!

Самар ауданының депутаттары мен тұрғындардың назарына!

2026 жылғы 26 наурызда сағат 08.30-да тұрақты комиссияның 2026 жылға бекітілген жоспарына сәйкес, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  1. Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жұмысы туралы (барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоса алғанда). Самар ауданы Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы –Ш.К. Құдайбергенов.
  2. Самар ауданындағы білім беру мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы. - «Самар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Р.К. Закирьянова.
  3. 2025 жылы өткізілген спорттық және мәдени іс-шаралар,  әрбір іс-шара бойынша жұмсалған шығындары көрсетілген есеп, сондай-ақ 2026 жылға арналған іс-шараларды өткізу жоспары туралы - Самар ауданы Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы –             Ш.К. Құдайбергенов; ШҚО ДШ және СБ «Самар ауданының БЖСМ» КММ диекторы Ж. С. Серіков; ШҚО Самар ауданының «Мәдениет орталығы» КМҚК директоры Д. Р. Бекбосынов.