Самар ауданы мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелерді сайлау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Самар ауданы мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан шығып  қалған мүшелерінің орнына мүшелерді сайлау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10,19-баптарына, Шығыс Қазақстан облысы Самар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Самар ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» 2026 жылғы 06 ақпандағы № 01-02/2; «Самар ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» 2026 жылғы 06 ақпандағы № 01-02/3; «Самар ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» 2026 жылғы 06 ақпандағы № 01-02/4 қаулыларына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының мәслихаты Самар ауданының округтік және  учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына жаңа мүшелерін сайлау өтетіні туралы хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын құрады.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 9 ақпаннан бастап  2026 жылғы 23 ақпан аралығында Самар ауданының мәслихаты аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс;

Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата – аналары, балалары, бала асырап алушылары,  асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары (әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

            Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерін ауыстыру бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 9 ақпаннан бастап  2026 жылғы 23 ақпан аралығында дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін.

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының мәслихаты

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының төрағасы -  Гульнар Касымжомартовна Шаймарданова

Мәслихаттың орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы,  Горохов көшесі, 58 үй.

Жауапты адам – Мажибаева Гульнар Альмуратовна, каб. № 205, қалааралық телефон коды (872333), қызметтік 31-739, ұялы телефон нөмірі 87771485030, электрондық пошта мекенжайы maslikhat.samar@akimvko.gov.kz

Самар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының «Самар ауданының сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулыларымен МО ИРБП порталында – Самар ауданының әкімдігі – «Сайлау» бөлімінде танысуға болады.

 Самар ауданының мәслихаты Самар ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлайды:

 

Комиссияның атауы

Объектінің (орналастыру үй-жайының атауы)

Комиссияның орналасқан жерінің мекенжайы

Сайлау комиссиясының шығып кеткен мүшелерінің орнына сайланатын мүшелерінің саны

Елді мекен

Көше

Үй

 

 

1

2

3

4

5

6

7

 

1

№3 округтік сайлау комиссиясы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Самар ауылы

Горохов

55

1

 

2

№4 округтік сайлау комиссиясы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Самар аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Самар ауылы

Горохов

70

1

 

3

№6 округтік сайлау комиссиясы

«Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының орталықтандырылған кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Самар ауылы

Самарға 100 жыл

149

2

 

4

№10 округтік сайлау комиссиясы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Аққала ауылы

Абая,

46А

1

 

5

№ 824 -учаскелік сайлау комиссиясы

Шығыс Қазақстан облысы «Самар орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Қайыңды ауылы

 

 

1

 

6

№ 831 -учаскелік сайлау комиссиясы

Ауылдық клуб ғимараты

Сарыбел ауылы

Ыбырай Алтынсарин

11

1

 

7

№ 832 -учаскелік сайлау комиссиясы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Новостройка ауылы

Алтай

5

1

 

8

№ 835 -учаскелік сайлау комиссиясы

«Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Бастаушы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің клуб ғимараты

Бастаушы

ауылы

Абай

41

1

 

9

№ 840 -учаскелік сайлау комиссиясы

«Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Аққала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәдениет үйі ғимараты.

Аққала ауылы

Тәуелсіздік

50

2

 

10

№ 842 -учаскелік сайлау комиссиясы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Қараөткел ауылы

Абай

12

3

 

 

                 

 Самар ауданы мәслихатының аппараты

1

2