
Самар ауданы мәслихатының кезектен тыс 28-шы сессиясы 2026 жылғы 05 ақпанда бекітілген күн тәртібіне сәйкес өткізілді. Сессия жұмысына депутаттар, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияда келесі мәселе қаралды:
1) «Самар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 20-5/VIII шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
2) Самар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы;
3) Самар ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 26-2/VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған Самар ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Самар ауданының жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы.
Сессия барысында көтерілген мәселелерді депутаттар бірауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.
Сессияның өту барысын төмендегі сілтеме бойынша Facebook сайтынан көрулеріңізге болады https://www.facebook.com/share/v/171GXYc8rM/