
Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында, Миролюбовка ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің салтанатты ашылуы өтті. Заманауи медициналық нысан ауылдық денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат аясында бой көтеріп, халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыруды көздейді.Жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункт заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, емшара және қарау кабинеттерімен, сондай-ақ дәріханалық бөлмемен қамтамасыз етілген. Ғимарат санитарлық және құрылыс талаптарына толық сәйкес келеді, барлық инженерлік желілерге қосылған және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделген. Нысанның жалпы аумағы 139 шаршы метрді құрайды, бір мезетте 25 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік бар.