ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Самар ауданы мәслихатының учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан шығып

қалған мүшелерінің орнына мүшелерді сайлау туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10,19-баптарына, «Самар ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» Шығыс Қазақстан облысы Самар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 05 қаңтардағы № 01-02/1 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының мәслихаты Самар ауданының учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына жаңа мүшелерін сайлау өтетіні туралы хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын құрады.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап  2026 жылғы 22 қаңтар аралығында Самар ауданының мәслихаты аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс;

Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата – аналары, балалары, бала асырап алушылары,  асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары (әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерін ауыстыру бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап  2026 жылғы 22 қаңтар аралығында дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін.

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының мәслихаты

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының төрағасы -  Гульнар Касымжомартовна Шаймарданова

Мәслихаттың орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы,  Горохов көшесі, 58 үй.

Жауапты адам – Мажибаева Гульнар Альмуратовна, каб. № 205, қалааралық телефон коды (872333), қызметтік 31-739, ұялы телефон нөмірі 87771485030, электрондық пошта мекенжайы maslikhat.samar@akimvko.gov.kz

Самар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының «Самар ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысымен МО ИРБП порталында – Самар ауданының әкімдігі – «Сайлау» бөлімінде танысуға болады.

Самар ауданының мәслихаты Самар ауданының учаскелік сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлайды:

 

Комиссияның атауы

Объектінің (орналастыру үй-жайының атауы)

Комиссияның орналасқан жерінің мекенжайы

Сайлау комиссиясының шығып кеткен мүшелерінің орнына сайланатын мүшелерінің саны

Елді мекен

Көше

Үй

 

1

2

3

4

5

6

7

1

№ 820 –

учаскелік сайлау комиссиясы

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының «Бос уақыт орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

Самар ауылы

Букетов тұйық көшесі

68

2

2

№ 1182 -учаскелік сайлау комиссиясы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 1 Самар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Самар ауылы

Мир

14

1

3

№ 831 -учаскелік сайлау комиссиясы

Ауылдық клуб ғимараты

Сарыбел ауылы

Ыбырай Алтынсарин

11

3

4

№ 832 -учаскелік сайлау комиссиясы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Новостройка ауылы

Алтай

5

1

5

№ 834 -учаскелік сайлау комиссиясы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Амангелді  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Көкжыра ауылы

Ыбырай Алтынсарин

6

1

6

№ 842 -учаскелік сайлау комиссиясы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Қараөткел ауылы

Абай

12

1

7

№ 843 -учаскелік сайлау комиссиясы

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының  «Самар ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пункті ғимараты

Қойтас ауылы

Абай

4

2

 Самар ауданы мәслихатының аппараты 

1 Өтініш үлгісі УСК.

2. Партия ұсыныс