Кезектен тыс 27 сессиясы

Кезектен тыс 27 сессиясы

Самар ауданы мәслихатының кезектен тыс  27-шы сессиясы бекітілген күн тәртібіне сәйкес өткізілді.  Сессия жұмысына депутаттар,  аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

  1. Самар ауданы ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы.
  2. Әртүрлі мәселелер.

1)      «Тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы маслихатының 2022 жылғы 19 қазандағы № 2-3/VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

 

2)  Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары.           

Депутаттар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілмеуіне  байланысты «Самар ауданының жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы»  мәселе қарауға дайын емес деп танылды және депутаттардың шешімі бойынша күн тәртібінен алынып тасталды.

Күн тәртібіндегі қалған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Мәслихат сессиясының отырысы Facebook әлеуметтік желісінде онлайн режимде тікелей эфирде көрсетілді.
Онлайн трансляцияға сілтеме: https://www.facebook.com/share/v/19EY9JYkxK/