Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік — халқымыздың ең қастерлі құндылығы, ел бірлігі мен болашаққа деген сенімнің берік негізі. Осы ұлы мереке әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш пен жауапкершілік сезімін ұялатады.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыздың іргесі берік, болашағы жарқын болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Тәуелсіздік күні құтты болсын!