Самар ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы.

Самар ауданы мәслихатының  кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы.

Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы 2025 жылғы 25 қарашада өтті.

Сессияға мәслихат депутаттары, аудан әкімдігі өкілдері және шақырылған тұлғалар қатысты.

Сессия барысында күн тәртібіндегі келесі мәселелер қаралды:

  1. Самар ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы мәселе.
  2. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімі жанындағы Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын жаңа редакцияда бекіту.
  3. Самар ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу.
  4. Әртүрлі мәселелер.
  • Самар ауданы мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы.
  • Самар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-2/VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған Самар ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  • Самар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-3/VIII «2025-2027 жылдарға арналған Самар ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессияның өту барысын төмендегі сілтеме бойынша Facebook сайтынан көрулеріңізге болады https://www.facebook.com/share/v/1G5FBhNekS/