
Самар ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы 2025 жылғы 25 қарашада сағат 11:00-де, Самар ауданы әкімдігі ғимаратында (Самар ауылы, Горохов көшесі, № 58) өтеді.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10:30-дан басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. Самар ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы. 2. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімі жанындағы Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын жаңа редакцияда бекіту туралы.3. Самар ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы.4. Әр түрлі мәселелер
Тұрақты комиссиялардың отырысы 2025 жылғы 25 қарашада сағат 9.00-де Самар ауданы әкімдігі ғимаратында (Самар ауылы, Горохов көшесі, № 58) өтеді.