Халықпен есептік кездесу

Халықпен есептік кездесу

Халықпен есептік кездесу

28.10.2025 ж

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Самар ауылы Мәдениет үйінде Самар ауданы мәслихатының депутаттары халықпен есептік кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты — депутаттардың атқарған жұмыстары туралы есеп беру, аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін талқылау, халықпен ашық диалог орнатып ұсыныстарын, ескертулерін  тыңдап, шешу жолдарын қарастыру.  Кездесуге 300-ге жуық адам қатысты.

Күн тәртібінде:

  1. Самар ауданы мәслихаты төрағасының ағымдағы жылғы аудан мәслихатының  қызметі туралы есебі.
  2. Самар ауданы мәслихаты депутаттарының атқарған жұмысы туралы есебі.

Есеп беру кездесуі барысында тұрғындармен ашық диалог құрылып, өзекті мәселелер талқыланды. Депутаттар есептерінде сайлаушылардың өздеріне жүгінген мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ, тұрғындар ауылды абаттандыру, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, балалар алаңын салу, аудандық ауруханада оңалту орталығын ашу, жол белгілерін орнату және басқа да бірқатар мәселелерді көтерді. Тұрғындар округтегі жұмысты жақсарту үшін бірқатар ұсыныстар айтты. Ұсыныстары мен сұрақтары бақылауға алынды.