Біздің ардагерлеріміз – ауданымыздың мақтанышы мен тірегі.

Біздің ардагерлеріміз – ауданымыздың мақтанышы мен тірегі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында аудандық мәслихат төрайымы, «Amanat» партиясының аудандық филиалының төрағасы және Самар ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасымен бірге Көкжыра ауылының құрметті тұрғындары — 85 жасқа толған Зарыпхан Мәжібаев пен 80 жас мерейтойын атап өткен Қасым Токовты арнайы барып құттықтады.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлестері, адал еңбектері мен өмірлік ұстанымдары үшін ардагерлерге аудандық мәслихаттың Алғыс хаттары табысталды.
Аудандық мәслихат төрайымы Г. Шаймарданова өз құттықтау сөзінде:
«Біздің ардагерлеріміз – ауданымыздың мақтанышы мен тірегі. Олардың еңбегі мен өмірлік өнегесі жас ұрпаққа туған жерге деген сүйіспеншілікті, адалдық пен жауапкершілікті үйретеді. Самар ауданының дамуына қосқан үлестері үшін ризашылығымызды білдіре отырып, зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілейміз»