Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы жұмыс тобымен 10 адам болып анықталды. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес ШҚО Самар ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына үміткерлерге келесі талаптар қойылады:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
2.Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (1 және 2 қосымшалар);
2) өмірбаян деректері көрсетілген үміткердің кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (3 қосымша);
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады (4 қосымша).
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Қоғамдық кеңестің жұмыс істеп тұрған мүшелері «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында көзделген жалпы негіздерде конкурсқа қатысу үшін өз өтініштерін беруге құқылы.
Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 11 тамыздан бастап 22 тамыз аралығында, жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі, түскі үзіліс сағат 12:00-ден 13.00-ге дейін. (демалыс күндері – сенбі, жексенбі)
Құжаттар Самар ауылы, Горохов көшесі 58 үй , 205 кабинет мекенжайындағы «Самар ауданы мәслихатының аппараты» ММ-не табыс етіледі немесе maslikhat.samar@akimvko.gov.kz электронды почтасына жолданады.
Анықтама үшін телефон: 8(723) 33-31-739