Самар ауданы мәслихатының кезектен тыс 23-ші сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына депутаттар, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
- Самар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-2/VIII «2025-2027 жылдарға арналған Самар ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Самар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-3/VIII «2025-2027 жылдарға арналған Самар ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын жаңа редакцияда бекіту туралы.
Сессия барысында көтерілген мәселелерді депутаттар бірауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.
Сессияның өту барысын төмендегі сілтеме бойынша Facebook сайтынан көрулеріңізге болады https://www.facebook.com/share/15rvpnwiYD/