Т.Рысқұлов аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс туралы ХАБАРЛАМА
Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашасындағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік Ереженің негізінде Т.Рысқұлов аудандық Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 15 (он бес) адамнан, оның ішінде 5 (бес ) адам мемлекеттік органның және 10 (он) адам коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтардың қатарынан тұрады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының электрондық мекенжайына:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:
Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі, №101 бөлме, электрондық мекен жай: masl.t.ryskulova @ mail.ru Байланыс телефоны 8/726/31-2-12-23
Жұмыс уақыты: сағат 9:00-ден 18:30 дейін, үзіліс: 13:00 - 14:30.
Жұмыс тобының басшысы Қ.Бижанов