«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, 17-бабына сәйкес Т.Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы «Арай» шағынауданы аумағынан №526 (бес жүз жиырма алты) сайлау учаскісінің құрылуына байланысты, аудандық сайлау комиссиясы айқындаған сандық құрамға сәйкес 5(бес) комиссия мүшелігіне бір орынға бір кандидаттан өз кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Сіздер өз тараптарыңыздан 2026 жылдың маусым айының 04-не дейін жоғарыдағы аталған учаскелік сайлау комиссиясына өз кандидаттарыңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:
Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының мекен-жайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі № 75. Байланыс телефондары 2-12-23, 2-12-76. Электрондық почта: E-mail: masl.t.ryskulova@mail.ru.
Мәслихат аппараты