Құрметті Рудный қаласының тұрғындары!
Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
7 мамыр – ерлік пен батырлықтың, Отанға деген адалдықтың ұмытылмас күні. Бұл күні біз еліміздің қауіпсіздігі мен егемендігін қорғап, халықтың тыныштығы мен бейбіт өмірін қамтамасыз етіп жүрген барша азаматтарға құрмет көрсетеміз.
Біз ардагерлердің, әскери қызметшілердің және өз өмірін Отанға қызмет көрсетуге арнаған барлық азаматтардың ерлігіне терең құрметпен басымызды иеміз.
Біздің қорғаушыларымыздың рухының беріктігі, ержүректігі мен патриотизмі тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі болып табылады. Жас ұрпақ Отан қорғаушы деген мәртебелі атақты зор құрметпен алып жүрген азаматтардан үлгі алсын.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық амандық және бейбіт аспан тілейміз!
Құрметпен,
Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат Искаков
Рудный қалалық мәслихатының депутаттары