Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат Искаков пен депутаттар Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің жесірлерін үйлеріне барып құттықтады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальдары мен азық-түлік себеттері табысталды.
Марапаттар әр шаңырақта, жылы лебіздер мен ақжарма тілектер айтылып, құрметпен табысталды.
Мұндай шаралар – ұрпақтар сабақтастығының, тарихи жадымыздың маңызын ұғындырудың айқын көрінісі.