8 тамызда тұрақты комиссияның отырысы өтті

8 тамызда тұрақты комиссияның отырысы өтті

8 тамызда тұрақты комиссияның отырысы өтті

 

8 тамызда Жандос Рахметовтың төрағалық етуімен халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

 

Бірінші Рудный қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Қала әкімінің орынбасары Талғат Сақтағанов сөз сөйледі.

Қостанай облысы бойынша өндіріс көлеміндегі Рудный қаласының үлесі 23,4% - құрайды. Жыл басынан бері 310 млрд. теңге сомаға өнеркәсіптік өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 85,3 құрайды. Тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өнеркәсіптік өндіріс индексі 79,9% құрады, бұл геосаяси жағдайдың ықпалына байланысты темір кенін өндірудің 18%-ға, тауарлық концентрат өндірісінің 15%-ға және түйіршіктер өндірісінің 23%-ға төмендеуіне байланысты.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 26,3%-ға өсті. Сыра өндірісі 15%-ға, отқа төзімді заттар 20%-ға, кірпіштер 51%-ға, химия өнеркәсібі өнімдері 29%-ға, макарон өнімдері 10%-ға артты.

Өткен кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 31,4 млрд. теңгені құрады, өсім 5,2%. Негізгі капиталға инвестициялар негізінен кәсіпорындар қаражаты есебінен қаржыландырылады, олардың инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 97,6% құрады.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 30,7 млрд. теңгені, НКИ – 100,2% -. құрады.

Көтерме сауда айналымының көлемі 26,7 млрд. теңгені құрады, НКИ-136,8%.

Қалада 7306 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда олардың саны 13,3%-ға артты.

Рудный қаласы бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылы жеке инвестициялар есебінен жалпы сомасы 2 млрд.244 млн. теңгеге 13 жоба іске асырылатын болады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 1 млрд. 424 млн. жеке инвестиция салынып тағы 8 жоба іске асырылатын болады.

Ағымдағы жылдың 6 айында 23 мың 835 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  10%-ға артық.

 

Сондай-ақ Қашар және Горняцк кенттері әкімдерінің есептері тыңдалды.

 

Бұдан басқа «Мәслихаттың 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 181 «Рудный қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралды. Бюджет комиссиясы бос қалдықтарды келесі бағыттар бойынша түпкілікті бөлу туралы шешім қабылдады: кезекте тұрған азаматтарды тұрғын  үймен қамтамасыз ету мақсатында пәтерлер сатып алу, Сандригайло көшесінен Верхняя көшесіне дейінгі шекарадағы Фабричная көшесіндегі жолды ағымдағы жөндеу, № 11 үйден Фабричная көшесіне дейінгі шекарадағы Васильковая көшесіндегі жолды ағымдағы жөндеу, № 21 үйден Ольховая көшесіне дейінгі шекарадағы Верхняя көшесіндегі жол төсемін ағымдағы жөндеу, № 15 үйден Фабричная көшесіне дейінгі шекарадағы Лебединый тұйық көшесінің жол жабынын ағымдағы жөндеу, қысқы кезеңде кварталішілік жолдарды тазалау бойынша жұмыстар, балалар алаңдарын ағымдағы жөндеу, «Корчагин көшесінен Ленин көшесіне дейінгі шекарадағы Комсомольский даңғылын қайта жаңарту» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеу, екі бағдаршам объектісін орнату, Ленин көшесіндегі 155, 157, 163, 165, 183, 189, 191, 205, 207, 203, 181, 161, 153А, 153 тұрғын үйлердің шатыры мен қасбетттерін ағымдағы жөндеу, мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды сурдотехникалық құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, Топорков көшесінен Парковая көшесін дейінгі Марите Бежите көшесін реконструкциялау бойынша ЖСҚ әзірлеу, Қостанай көшесінен 50 лет Октября көшесіне дейінгі Парковая көшесін реконструкциялау бойынша ЖСҚ әзірлеу және т.б. Барлығы 48 бағыт белгіленді.

 

Депутаттар күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылауға белсенді қатысты. Олар бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне сұрақтар қойып, ұсынылған барлық жобаларды бірауыздан қолдады.

 

Халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының мәселелері Рудный қалалық мәслихатының үшінші кезекті сессиясында қаралатын болады.