Рудный қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі
округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру
туралы Рудный қалалық мәслихатының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң) 10-бабына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты Рудный қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден тұрады. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық Заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлғалар оның жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштерді қоса береді.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың жоғары тұрған құрылымдық бөлімшелері құрылатын сайлау комиссиясына қатысты 2022 жылғы 30 желтоқсан мен 2023 жылғы 13 қаңтарды қоса алған (дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) аралықтағы кезеңде мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматында;
2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылды.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Рудный қалалық мәслихаты
Мәслихаттың орналасқан жері: Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95.
Самат Үйсенбайұлы Байгужин – Рудный қалалық мәслихатының хатшысы.
Жауапты тұлға – Додрова Наталия Васильевна 8 (71431) 4-56-37 (1), факс 4-56-37 (1), rudnmaslihat@mail.kz.
Рудный қалалық мәслихаты Рудный қалалық мәслихатының депутаттығына сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
р/с № |
Округік комиссия нөмірі |
Орналасқан жері |
1. |
№ 1 округтік сайлау комиссиясы |
Қашар к., («Жастар»Мәдениет үйі» КМҚК ғимараты) |
2. |
№ 2 округтік сайлау комиссиясы |
Рудный қ., Корчагин к-сі, № 168 үй («№ 3 жалпы білім беретін мектеп» КММ ғимараты) |
3. |
№ 3 округтік сайлау комиссиясы |
Рудный қ., 50 лет Октября к-сі, № 63 үй («№ 12 орта мектеп» КММ ғимараты) |
4. |
№ 4 округтік сайлау комиссиясы |
Рудный қ., Мир к-сі, № 117 үй ("Рудный құрылыс және көлік колледжі" КМҚК ғимараты). |
5. |
№ 5 округтік сайлау комиссиясы |
Рудный қ., Корчагин к-сі, № 168 үй («№ 3 жалпы білім беретін мектеп» КММ ғимараты). |
6. |
№ 6 округтік сайлау комиссиясы |
Рудный қ., Корчагин к-сі, № 153 үй (Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гиманзиясы» КММ ғимараты) |
7. |
№ 7 округтік сайлау комиссиясы |
Рудный қ.,Франко к-сі, № 32 үй («№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ ғимараты) |
8. |
№ 8 округтік сайлау комиссиясы |
Рудный қ., Фрунзе к-сі, № 16 үй («№ 21 гимназия» КММ ғимараты) |
9. |
№ 9 округтік сайлау комиссиясы |
Рудный қ., Горняков к-сі, № 76 үй («Дм.Карбышев атындағы №14 жалпы білім беретін мектеп» КММ ғимараты) |
10. |
№ 10 округтік сайлау комиссиясы |
Рудный қ., Ленин к-сі, № 99 үй («№15 жалпы білім беретін мектеп» КММ ғимараты) |
11. |
№ 11 округтік сайлау комиссиясы |
Рудный қ., Горький к-сі, № 60 үй ("Рудный технология және сервис колледжі" КМҚК ғимараты) |
12. |
№ 12 округтік сайлау комиссиясы |
Рудный қ., Ленин к-сі, № 30 үй ("Рудный музыкалық колледжі" КМҚК ғимараты) |
13. |
№ 13 округтік сайлау комиссиясы |
Рудный қ., Свердлов к-сі, № 62 үй («№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ ғимараты) |
14. |
№ 14 округтік сайлау комиссиясы |
Рудный қ., Комсомол даңғ, № 24 үй («№ 5 гимназия» КММ ғимараты) |
_______________________________________
_______________________________________