Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді
2026 жылғы 19 тамызда сағат 11.00-де Рудный қаласы әкімдігі ғимаратының № 224-кабинетінде Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Сессия қарауына енгізілген негізгі мәселелер:
- Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4 «Рудный қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы № 5 «Рудный қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 10 «Amanat» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 31 тамыздағы № 67 «Рудный қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттіктерін уақытша жүзеге асыруды жүктеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 8 «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Рудный қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
- Мәслихаттың 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2026 жылғы 30 маусымдағы № 292 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 262 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Анықтама телефоны 8 (714-31) 3-93-18, 8 (714-31) 4-56-37(қос.1)
Сессияның онлайн көрсетілімін Рудный қалалық мәслихатының Instagram @maslihat.rdn әлеуметтік желісінен көруге болады https://www.instagram.com/p/DcBZRssNLEE/?igsh=MTRzb3F0aGc4ZHBmNA==
Сессияның онлайн көрсетілімін Instagram @rudny_official әлеуметтік желісінен көруге болады https://www.instagram.com/rudny_official?upcoming_event_id=18098138378573727