Құрметті рудныйлықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Құрметті рудныйлықтар!     Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Құрметті рудныйлықтар!

 

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

 

Өз тәуелсіздігін алғаннан бері еліміз заманауи, ашық және болашағына нық қадам басқан мемлекет ретінде қалыптасты. Бүгінде жүзеге асырылып жатқан реформалар мемлекеттік институттарды нығайтуға, азаматтардың өмір сапасын арттыруға, экономикалық және әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған.

 

Басты басымдық – адами капиталды дамыту: білім беру, кәсіби дағдыларды жетілдіру, жастарға мүмкіндік беру. Қауіпсіздік, заң үстемдігі және әділдік мәселелері де маңызды орын алады. Осы бағыттардың барлығының түпкі мақсаты – азаматтың мүддесін қорғайтын қуатты мемлекетті қалыптастыру.

 

Өңірлер мен қалалар – еліміздің қозғаушы күші. Рудный қаласы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді: абаттандыру жобалары іске асуда, инфрақұрылым жақсаруда, қоғамдық бастамалар қолдауға ие. Бұл өзгерістер еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және рудныйлықтардың азаматтық белсенділігінің нәтижесі.

 

Осы мерекелі күні барша қала тұрғындарына бейбітшілік, игілік және ертеңгі күнге сенім тілейміз. Халық бірлігі, тарихи мұраға құрмет және жасампаздыққа ұмтылыс – тәуелсіздігімізді нығайта берсін!

 

Рудный қалалық мәслихатының төрағасы

Азамат Искаков

Рудный қалалық мәслихатының депутаттары