2025 жылғы 21 қазанда Рудный қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

2025 жылғы 21 қазанда Рудный қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

2025 жылғы 21 қазанда «Рудный қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының қоғамдық тыңдауларды өткізуге дайындық» күн тәртібімен Рудный қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Қалалық мәслихатқа Рудный қаласы тұрғындарының бастамашыл тобынан ұлттық рухты және қазақстандық бірліктің көрінісін ескере отырып, уақыт талабына сәйкес қаламыздың кейбір көшелерінің атын қайта атау мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш келіп түсті. Иван Франко көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне және 50 лет Октября көшесін Достық көшесіне қайта атау ұсынылды.

Депутаттар енгізілген ұсыныстарға мұқият және құрметпен қарады. Отырыста қоғамдық тыңдауларды өткізуге дайындық туралы мәселе қаралды. Қоғамдық тыңдаулар ең маңызды және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау үшін өткізіледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес елді мекендердің құрамдас бөліктерін қайта атауда қоғамдық пікірді зерделеу және есепке алу қажет. Жұртшылықтың пікірі қоғамдық тыңдауларда ескеріледі.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу үшін Рудный қаласының көшелерін қайта атау бойынша қоғамдық тыңдауды өтізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Рудный қалалық мәслихатының депутаттары мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері енді. Жұмыс тобының негізгі міндеттері қоғамдық пікірді алдын ала зерделеу және қоғамдық тыңдауды өткізуге дайындалу болып табылады.

 

Құрметті рудныйлықтар! Сіздерді ынтымақтастыққа және Рудный қаласының көшелерін қайта атау туралы ұсыныстарды қоғамдық тыңдауларда талқылауға қатысуға шақырамыз. Өз пікірлеріңізді жазбаша түрде Рудный қалалық мәслихатына rudny-maslikhat@yandex.ru электрондық поштаға жібере аласыздар.