
Құрметті рудныйлықтар!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ту, Елтаңба және Әнұран – бұл тек мемлекеттік белгілер ғана емес. Бұл – біздің тарихымыз бен тағдырымыз, абыройымыз бен мақтанышымыз, ұлттық рухымыз бен жарқын болашаққа деген сеніміміз.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың бірлігі мен тұтастығын, өткенге құрмет пен болашаққа ұмтылысты бейнелейді.
Бұл күн – әр азаматтың жүрегінде туған еліне деген мақтаныш пен жауапкершілікті оятатын ерекше сәт.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, береке-бірлік пен жарқын болашаққа сенім тілейміз!
Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат Искаков
Рудный қалалық мәслихатының депутаттары