
Құрметті Рудный қаласындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшісі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекеттік қызмет – бұл үлкен жауапкершілік, жоғары борыш және іске деген адалдық. Сіздердің біліктіліктеріңізге, адалдығыңызға және бастамашылдығыңызға азаматтарымыздың өмір сүру сапасы, қаламыздың және еліміздің дамуы тікелей байланысты. Сіздер – мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір, қоғам мүддесіне қызмет етудің жарқын үлгісісіздер.
Отан игілігі үшін кәсібилікпен, төзімділікпен және адамдарға деген қамқорлықпен еңбек етіп жүрген барлық жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Әсіресе мемлекеттік қызметтің ардагерлеріне – мемлекеттік жүйені нығайтуға қосқан зор үлестері үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Азаматтардың құрметі, тұрақтылық, мықты денсаулық пен ертеңгі күнге деген сенім әрқашан сіздердің ізгі де абыройлы еңбектеріңізде серік болсын!
Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат Искаков
Рудный қалалық мәслихатының депутаттары