
Құрметті Рудный қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы Полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің қызметіңіз ерлік пен табандылықты, өз ісіңізге жан-тәніңізбен берілуді талап етеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың тыныштығын қорғау, қылмыспен күресу және қиын сәтте алғашқы көмекке келу – сіздердің күнделікті міндеттеріңіз. Құқық тәртібі мен заңдылықты қорғау – зор жауапкершілік әрі үлкен мәртебе.
Қызметін адал және абыроймен атқарып жүрген барлық полицейлерге, сондай-ақ құқық қорғау жүйесінің дамуына үлкен үлес қосқан ардагерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында азаматтар өздерін қауіпсіз сезінеді, мемлекетіміз нығая түсуде.
Сіздерге мықты денсаулық, төзімділік, кәсіби табыс, қоғам тарапынан құрмет және отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат Искаков
Рудный қалалық мәслихатының депутаттары