Құрметті Рудный қаласының тұрғындары!
Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – қуаныш пен мейірімге толы ерекше күн, ол бізге өміріміздегі ең қымбат байлық – балалар екенін еске салады.
Балалар – өміріміздің мәні, болашағымыздың кепілі, жүрегіміздің шуағы. Әр бала – махаббатқа, қамқорлыққа, қолдауға және жарқын болашаққа лайық.
Өскелең ұрпақтың өсіп-жетілуіне қолайлы орта қалыптастыру – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Біз әр отбасы қолдау тауып, әр бала сапалы білім мен спортқа, шығармашылық пен жан-жақты дамуға тең мүмкіндік алуы үшін бар күшімізді салып келеміз.
Барлық рудныйлық бүлдіршіндерге шат-шадыман балалық шақ, мықты денсаулық, жарқын әсерлер мен армандардың орындалуын тілейміз!
Ал ата-аналарға – төзім, даналық, жүрек жылуы мен балаларына деген шексіз махаббат тілейміз.
Ізгі ниетпен,
Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат Искаков
Рудный қалалық мәслихатының депутаттары