«Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-де еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат Искаков Президенттік жастар кадрлық резервіне өтінім қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады.
Қатысуға 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы азаматтары шақырылады. Талаптар: жоғары білім, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растайтын сертификат (B1 деңгейінен төмен емес), кемінде 5 жыл жалпы еңбек өтілі. Іріктеу 6 кезеңнен тұрады: құжаттарды тапсырудан бастап Ұлттық комиссияның қорытынды шешіміне дейін
Азамат Искаков Резервке қатысу – жас мамандар үшін өздерін көрсетуге, басқарушылық тәжірибе алуға және ел дамуына үлес қосуға берілетін бірегей мүмкіндік екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол белсенді және мақсатты жастарды осы мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырды.