Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат Искаков Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеудің жаңа кезеңі басталғанын депутаттар мен мемлекеттік органдардың басшыларына хабарлады.
Мақсат — дарынды, бастамашыл және елжанды жастарды мемлекеттік басқару ісіне тарту.
Кім қатыса алады?
- Жасы 35-тен аспаған
- Жоғары білімі бар
- Жұмыс өтілі кемінде 5 жыл
- Қазақ тілін B1 деңгейінен төмен емес меңгерген
Іріктеу 2025 жылғы маусым мен қазан аралығында бірнеше кезең бойынша өтеді. Нәтижесінде 50 үздік кандидат Резерв құрамына енеді және 3 жыл ішінде конкурссыз мемлекеттік лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігіне ие болады.
Өтінімдерді 1–30 маусым аралығында келесі сайтта беруге болады: pkrezerv.gov.kz
Маңызды: іріктеуде әр түрлі сала өкілдеріне тең мүмкіндік беру үшін пропорционалды тәсіл қолданылады.
Депутаттар мен басшыларды осы мүмкіндікті кеңінен насихаттап, еліміздің дамуына үлес қосуға дайын жастарды қатысуға ынталандыруға шақырамыз!