23 мамырда қалалық мәслихаттың оныншы кезекті сессиясы өтті

23 мамырда қалалық мәслихаттың оныншы кезекті сессиясы өтті

2025 жылғы 23 мамырда Азамат Искаковтың төрағалығымен қала әкімі Виктор Ионенконың, Қашар кентінің әкімі Мадина Раймбекованың, Горняцк кентінің әкімі Зейнелғабиден Абиловтың, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларының қатысуымен мәслихаттың оныншы кезекті сессиясының отырысы өтті.

Жоспарлы тәртіпте: Рудный қаласының 2024 жылғы қалалық бюджетінің атқарылуы туралы, Қашар кентінің 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы, Горняцк кентінің 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы мәселелер қаралды. Бұдан басқа, депутаттар қосымша мәселелерді: ведомствоаралық комиссиялардың жеке құрамдарына өзгерістер енгізу туралы қарады.

Қала әкімі Виктор Ионенко өз баяндамасында Рудный қаласының бюджеті 2024 жылы 6 рет нақтыланғанын айтты. Жыл қорытындысы бойынша кірістір 41 млрд. теңгеге жуық, шығыстар – 51 млрд. теңге шамасында немесе жоспардан 99,3% құрады. Шығындардың негізгі үлесін тұрғын үй-коммуналдық шаруашалық және әлеуметтік сала  алды. Облыстық бюджетке берілетін трансферттер барлық шығыстардың 63,6% құрады, бұл 2 млрд. теңгеден астамға 2023 жылғы аударымдар көлемінен асып түсті.

Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Руслан Байғабыловтың ақпараты бойынша, қаланың әлеуметтік-экономикалық  дамуы оң динамиканы көрсетіп отыр. 2024 жылы меншікті кірістер 2023 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға өсіп, 1,8 млрд. теңгеден асты. Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы – 99,5%. Шығындардың жалпы көлемі 2023 жылға қарағанда 32%-ға өсті. Бұл ретте барлық шығыстардың 79%-ы ағымдағы шығындарға, даму жобаларына және т.б. келді. Экономиканы дамытуға бағытталған қаражат көлемі 47%-ға өсті. Мердігерлік ұйымдардың міндеттемелерін орындамауына байланысты иегрілмеген қаражаттың үлесі бар. Тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсынымдар берілді.

Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қалалық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 2024 жылы бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне өз талдауын жүргізді. Комиссия төрағасы Александр Макаренко есептерге сәйкес қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасын байқалғанын растады.

Тұрақты комиссия Рудный қаласының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті растады, жергілікті атқарушы органдарға бюджет қаражатынынң игерілмеу себептерін зерделеу және болашақта оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды.

Кенттер бюджетінің атқарылуына келетін болсақ, Қашарда кірістер 112,2%, шығыстар - 100%, Горняцк кентінде кірістер 102,8%, шығыстар - 100% құрады.

Сессияның барлық мәселелерін, оның ішінде қосымша мәселелерді депутаттар бірауыздан қабылдады.