«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихатының кезекті сессиясы 2025 жылғы 27 наурыз күнгі сағат 11.00-де Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткізіледі.
Аудандық мәслихаттың депутаттарын тіркеу 2025 жылғы 27 наурыз күнгі сағат 9.00-дан бастап мәслихатта жүргізіледі. «Депутат оқуы» сағат 9.30-да, мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстары сағат 10.00-де өткізіледі.
Сессия қарауына мына төмендегідей мәселелер ұсынылады:
қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті нығайту бағытында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы.
Баяндамашы: Жусанбаев Ғ.С. – аудан әкімінің орынбасары
қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясының қосымша баяндамасы.
Баяндамашы: Арипова Г.Р. – мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы
«Райымбек ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» №36-194 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Берікбай Ж.Н. – ауданның «Экономика және қаржы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімінің аппарат басшысы, ауылдық округтердің әкімдері, ауданның атқарушы, құқық қорғау органдарының, білім беру саласының және мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.